Ішіп алып көлік жүргізгендер жауапкершілікке тартылды

Алматы облысында карантин кезінде көлік құралын масаң күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.Карантиндік режимге енген түні облыс бойынша жол үстінде масаң күйде көлік құралын басқарған екі жүргізуші ұсталды. Бірі облыс орталығында тіркелсе, екіншісі Ұзынағаш ауылында тіркелген. “Барлық жүргізушілердегі тиісті құжаттардың болуын және олардың карантиндік режимді сақтауын тексеру барысында, түн жарымында “Тойота Камри” маркалы автокөлігін басқарған және бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Екінші оқиға Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тіркелген. “Субару Легаси” автокөлігін тоқтатқаннан кейін, аталған көлік жүргізушісінің Қайназар ауылының масаң күйдегі 38 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Екі жүргізуші де наркологиялық сараптамадан өткізілді”, – деп хабарлайды Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. “Көлік құралдары айып тұрағына қойылды. Ұсталған азаматтар мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылып, сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жіберілді. Мұндай деректер карантин жағдайында орынсыз”, – деп толықтырды А.Нұрсапа.
 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды