Ішімдік коронавирустың алдын ала ма?

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында коронавирустың алдын алуға ішімдіктің пайдасы бар деген ақпарат тараған еді.

Алматы, NEGE. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің бас наркологы Евгений Брюнның айтуынша, коронавирус немесе суық тигізіп алмау үшін ішімдік ішудің керегі жоқ. Себебі, бұл жүрекке салмақ салып, арты жаман болуы мүмкін. Сондай-ақ, ол «егер коронавирус жұқтырған адам ішімдік ішсе, жүрек тоқтап қалуы да ғажап емес. Мұндай кезде моншаға да бармау керек» деді.

Министрлік маманы мұндай жолмен дерттен қорғанамын деу қате түсінік екенін айтты. Медициналық маска киіп, оны әрбір екі сағат сайын ауыстырып тұру керектігін және қолды жуып, мұрынды тұзды сұйықтықпен шайып отыруды ескертті. Осылайша, басқалай сақтанудың жолы жоқ екенін жұртшылық қаперіне салды. Ең қызығы, нарколог-маман қол беріп, құшақтасып, тіпті сүйісіп амандасу да дерттің алдын алатынын жеткізді.  

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады