Іші ауырып, ауруханаға түскен жасөспірім қыз жүкті болып шықты

Түркістан облысында өгей әке қызын зорлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан. NEGE. Түркістан облысы полициясының баспасөз қызметі 23 желтоқсанда Түлкібас аудандық полиция бөліміне облыстық ауруханадан қоңырау келіп түскенін хабарлады. Фельдшер өздеріне іші ауырғанына шағымданып, кәмелетке толмаған қыз келгенін айтқан. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірімнің жүктіліктің жетінші айында екенін анықтады.

"Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адамды криминалдық полиция қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?