Исаак Мустопуло Global IT Challenge 2019 жеңімпазы болды

Тараздық айрықша дарын иесі Исаак Мустопуло Оңтүстік Кореяда өткен Global IT Challenge 2019 халықаралық конкурсының финалында жеңімпаз атанды.

Алматы, NEGE. Айрықша мұқтаждығы бар балаларға арналған ақпараттық технологиялар саласындағы бұл дәстүрлі байқау 2011 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. IT саласындағы талантты жастарды қолдауға бағытталған аталған халықаралық конкурсқа осы топтағы 13-22 жас аралығындағы жастар қатысты.

Биыл бұл байқау Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында 26-28 қараша күндері өткен болатын. LG компаниясының Pacific Ocean елдеріне арналған бірегей байқауына биыл 20 елден 300 үміткер қатысты. Жерлесіміз ақпараттық технология саласындағы ең үздік айти мамандар ішінен «eLifeMap» аталымында топ жарып, «Best Award» Бас жүлдесін жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды