Ирригациялық арықтар тазалануда

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес ирригациялық арықтарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Мердігер мекеме «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан Елшібек батыр, Ерімбетов, Рысқұлов, Уәлиханов көшелері мен шағынаудандар аумағында орналасқан ирригациялық арықтар тазаланды.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.

Су басудың алдын алу – жалпы тұрғындардың міндеті. Қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақтылы тазалап, санитарлық жағдайды сақтауға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады