«Ирина Қайратовна» тобының мобилографы Шахназ Жылқайдардың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз», - делінген әкімдік мәліметінде.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады