Ірі қаладағы қоқыстар арнайы зауытта өртелетін болды

Қалалар мен ірі аудандарда қалдық жинайтын 84 полигон салу керек.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлім етті.

«Қазіргі кезде экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін полигондардың жағдайы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Министрлік ел бойынша аудандық және облыстық орталықтар үшін қажетті полигондардың санына талдау жүргізді. Есептеулер бойынша орталықтарда 110 полигон істеп тұр. Бұл ретте, бірінші кезеңде қалалар мен ірі аудандарда үш жылда кемінде 84 полигон салу керек», – деді А. Пірімқұлов.

Оның айтуынша, 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарда бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтөбе). Осы орайда басқа да қалалар бұл жоспарға қызығушылық танытып отыр.

«Биылдың бірінші жартыжылдығында аукцион өткізу және энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру, ал екінші жартыжылдықта қорытынды шығару ескерілген», – деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды