«Iri building» ЖШС директоры 862 млн теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды

Түркістан облысының Созақ аудандық соты «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Н.Т. Әбілдиновке, «KAZ Design & Development Group LTD» ЖШС авторлық қадағалау директоры Л.А. Момотқа, авторлық қадағалау инженері С.М. Кончаковқа, сондай-ақ техникалық қадағалаудың нақты меншік иесі – «KZ Development» аккредиттелген орталық» ЖШС Б.С. Алматовқа қатысты үкім жариялады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Әбілдинов Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өндіруші кәсіпорынды жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені 2019-2021 жылдар кезеңінде жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның сыбайластары Момот, Кончаков, Алматов жымқыруға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, сот оларға 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл ретте, ҚР ҚК 75-бабының 1-бөлігі негізінде сот Кончаковты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Сондай-ақ сот сотталғандардан материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талапты қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады