Ираннан алты Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Олар Әзербайжан шекарасындағы Астара өткізу пункті арқылы өткен.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Таяу шығыстағы әскери шиеленіс салдарынан әлем елдері Ираннан өз азаматтарын әкетіп жатыр. Бүгінге дейін 400-ге жуық АҚШ, Тәжікстан, Португалия және Ресей азаматы Әзербайжан жеріне жеткізілді.

Әзербайжан тарапы шетелдіктерді қауіпсіз әрі жедел өткізу үшін бар жағдайды жасады.