Иранға жасалған әуе шабуылынан 60 адам қаза тапты

Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Израиль әуе күштерінің Иранның Шахид Чамран қаласына жасаған шабуылда қаза тапқан 60 адамның 20-сы бала.   

Әуеден жасалған соққылардың бірі 14 қабатты тұрғын үй кешенін де қамтыды.

Иран мемлекеттік IRIB телеарнасының хабарлауынша, Израильдің шабуылынан кейін 14 қабатты ғимарат құлады.

«Оқиға орнында 20 бала қаза тапты, олардың 10-ы әлі үйінділер астынан алынбады. Қаза тапқандар арасында алты және тоғыз айлық сәбилер де бар», делінген ақпаратта.

Айта кетсек, 2025 жылдың 13 маусымында таңертең Израиль «Арыстандар ұлты» операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына әуеден соққы жасады. Шабуыл кезінде Иран революциясының күзетшілер корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Ислам университетінің президенті Азад Мұхаммед Техранчи қаза тапты.

Иран Израиль астанасына қарсы соққы берді. Израильдік БАҚ кем дегенде жеті ирандық баллистикалық зымыран Тель-Авивке қарай бағытталғанын айтады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр