Ирандық чемпион қыз елінен қашты

2016 жылғы олимпиада ойындарында жұлдызы жанған ирандық жалғыз олимпиада чемпионы Кимия Ализаде туған елін тастап, шетелге қоныс аударды.

Алматы, NEGE. Ол 2016 жылы Рио-Де-Жанейрода өткен жазғы олимпиада ойындарында таэквондодан қола жүлде иеленген жалғыз спортшы. 21 жастағы иран қызы өзінің бұл шешімі жөнінде әлеуметтік желіде «Ирандағы намысы тапталып жүрген миллиондаған әйел баласының бірі ретінде» елден кетуіне мәжбүр болғанын жазады. Сонымен қатар, ол өмір бойы не киіп, не сөйлеуін, қалай жүріп-тұруы керек екендігін міндеттейтін мемлекеттік менталитеттен шаршағанын ашына айтады.

Кимия Ализаде Нидерланд еліне барып тұрақтауды және Токиода өтетін олимпиада ойындарында өзге елдің туы астында өнер көрсетуді көздеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Бақыт рейтингінде қазақстандықтар француздардан озды

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген