Ирандағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар бар

Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында жер сілкінісінен бес адам қаза тауып, 39-ы зардап шекті, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.

Алматы, NEGE. 6,1 баллдық жер сілкінісі Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында сенбі күні түнде болды. Бірінші дүмпуден кейін 33 афтершок болған, олардың ең қуаттысы - 6,3 магнитудалы. Жер сілкінісінің эпицентрі Хормозгандағы Бендер-Ленг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі 10 км. Қазіргі уақытта жерасты дүмпуінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шеккен.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде зауытта жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды