Ирандағы көтеріліс әлі жалғасып жатыр
Хиджаб жырынан туындаған Ирандағы көтеріліс әлі басылар емес, деп хабарлады BAQ.KZ.
Алматы, NEGE. Осыған дейін Ирандағы 22 жастағы қыздың өлімі қоғамда резонанс тудырған болатын. Наразылықтан шеруге, кейін үлкен көтеріліске ұласқан оқиға барлық әлем назарын өзіне аударып отыр. Мектеп оқушылары хиджабтарын шешіп, тікелей эфирде шаштарын қырқа бастаған еді. Содан бері бірнеше айға созылған көтеріліс әлі тыншымай тұр.
Көтеріліс билікті қатаң шаралар қолдануға мәжбүрлеп, нәтижесінде арнайы жасақпен халық арасында қақтығыстар орын ала бастаған. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінге дейін 367 адам қаза тауып, 1600 адам жарақат алған.