Иранда шеруге шыққан 3 адам өлім жазасына кесілді

Тегеран соты былтыр қараша айында бензиннің қымбаттауына қарсы шеруге шыққан үш адамды өлім жазасына кесті. Сот оларды түрмеге қамауға алып, «қарумен тонаушылық жасады» деп айып тағып, шыбықпен сабауға үкім шығарған.

Алматы. NEGE. Өлім жазасы қашан орындалатыны жайлы әлі хабар жоқ. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, жазаға кесілгендердің бірі студент болса, екіншісі телефон сатушысы екен. Оларға азап көрсетіп, қылмысты мойындауға мәжбүрлеген. Шеруге қатысқандардың қаншасы қамауда отырғаны жайлы нақты деректер жоқ. Ал құқық қорғаушылардың есебіне қарағанда, олардың саны 12 мың адамға жуықтайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады