Иранда Роналдудың қолы тиген заттардың бәрі сатылып жатыр

Иранның онлайн-платформаларында "Әл-Наср" ойыншысы Криштиану Роналдудың қолы тиген затар сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Дүйсенбіде Роналду "Әл-Наср" сапында Тегеранға келді, команда азиялық Чемпиондар лигасы аясында жергілікті "Персеполис" клубымен кездесу өткізеді. Португалиялық футболшы елге келе салысымен оған парсы кілемі мен интернетті шексіз пайдалануға болатын сим-карта сыйға тартылды. 

Tarafdari мәліметінше, португалиялықтың қолы тиген деп сатылымға шыққан заттар арасында, қарбыз, майлық, тіпті кілемнің жібі де бар. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр