Иранда наразылық шаралары басылмай тұр

Алматы, NEGE.

Оқиға салдарынан 19 адам қаза тапты. Олардың қатарында Ислам революциясы Сақшылар корпусының полковнигі (КСИР) бар. Елдегі наразылықтар 16 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминидің жерлеу рәсімінен кейін басталған болатын. Осы уақыт ішінде 1200-ден астам адам қамауға алынды. Демонстрацияларға қатысы бар деп айыпталған 9 шетелдік те ұсталды.

Тегеранда Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция қамауға алынып, артынан қайтыс болған еді. Билік Амини инфаркттан қайтыс болды деп мәлімдегенімен, жақындары оны ұрып-соғудан қайтыс болды деп санайды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті