Иранда күші 6,3 балдық жер сілкінісі болды
Иранда екі рет жер сілкінісі болып, отызға жуық адам зардап шекті.
Алматы, NEGE. Иранның оңтүстігінде жер сілкінді. Дүмпу екі рет қайталанып, қуаты 6,5 баллға жуықтаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 адам ажал құшып, тағы 27-сі жарақат алған. Зілзаланың негізгі ошағы – Хормозган провинциясы. Бұл аймаққа құтқарушылар жіберілді. Жерасты дүмпулері сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде, оның ішінде Дубайда және Сауд Арабиясында да сезілген.