Иранда коронавирустан екі адам қайтыс болды
Иранда Covid-19 коронавирусынан екі адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер – Кум қаласының тұрғындары.
Алматы, NEGE. Бұл ақпарды Associated Press агенттігі таратты.
Иран Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Алирезы Вахабзаденің сөзінше, қайтыс болған адамдар Тегераннан күншығысқа қарай 140 шақырым жердегі Кум қаласында тұрған. Министрдің кеңесшісі бұдан өзге мәлімет бермеген.
Естеріңізге сала кетейік, қауіпті ендет жұқтырудың екі оқиғасы тіркелгенін Иран билігі ілгеріде айтқан. Бірақ қайтыс болған адамдар – солар ма, әлде басқа ма, бұл жағы белгісіз.