Иранда хакерлер телеарна эфирін бұзды

Иранның мемлекеттік телеарнасына хакерлер шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана, NEGE. Кешкі жаңалықтар шығарылымы кезінде экранда кенеттен «Анонимус» деп аталатын топтың бет пердесі пайда болады. Кейін хакерлер Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеидің нысанаға алынған суретін шығарады. Бұдан бөлек, шеру кезінде қайтыс болған қыздардың суреті көрсетіледі. Осының бәрі «Жастардың қазасы сендердің мойындарыңда!» деген жазбамен қатар жүрген.

Хакерлердің бейнежазбасы небәрі бірнеше секундқа созылды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті