Иранда алкогольден уланып көз жұмғандардың саны 194-ке жетті

Алкогольдің коронавирустан "құтқаратыны" туралы әлеуметтік желіде тараған жел сөздің ақыры осындай қайғыға душар қылуда.


Алматы, NEGE.  Иранда қолдан жасалған сапасыз алкогольді ішімдіктерден уланғанып қайтыс болғандардың саны 6-наурыздан бері 194-ке жетті.

Иранның ақпарат агенттігіне (ISNA) берген түсініктемесінде  Ахваз Джундишапур атындағы медицина ғылымдары Университетінің баспасөз хатшысы Али Ихсанпур Хузистан провинциясындағы ауруханаға алкогольден уланып түскендер саны 673-ке өскенін айтқан.

Оның сөзінше, Хузистанның өзінде сапасыз ішімдіктен уланып көз жұмғандар саны 63-ке жеткен. 

Бұған дейін Иранда әлеуметтік желілерде алкогольдің коронавирустан жазып жіберетіні туралы ақпарат тарап, біраз өңірдің тұрғыны жаппай алкоголь сатып алған. Мұны астыртын түрде сапасыз ішімдік шығарушылар өз пайдасына  жаратқаны бұқараның наразылығын тудырып отыр. 

 

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды