Иранда 2 адам коронавирус жұқтырды

«Иран үкіметі елде коронавирустық инфекцияның екі жағдайы

тіркелгені туралы ақпаратты растайды», – деп мәлімдеді Иран ислам республикасының ресми өкілі Али Рабия.

Алматы, NEGE. «Бірнеше минут бұрын елдің Денсаулық сақтау министрі департамент мамандарының есебіне сілтеме жасай отырып, Кум шаһарында коронавирусқа күдігі бар екі адамның диагнозы расталғанын жариялады», – деп жазды Раби өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустық инфекцияның екі жағдайы тіркелгендігін хабарлаған. Алайда, алдын-ала жасалған талдау нәтижелерін зерттей келе ауру фактісін дәл анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілетіндігі айтылған.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған адамдарды оқшаулап, арнайы медициналық жағдайда бақылауға алынғаны жөнінде есеп берді.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді