Иранда 23 депутат коронавирус жұқтырған

Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды, деп хабарлады спикердің көмекшісі Абдолрез Месриге сілтеме жасап «Хабар-24».

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты. Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр. Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді.

Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды