Иранда Израиль шабуылынан 224 адам қаза тапты

Израильдің Иранға жасаған 65 сағаттық әуе соққылары салдарынан 224 адам қаза тауып, 1 200-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Хосейн Керманпур. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Зардап шеккендердің 90 пайыздан астамы бейбіт тұрғындар.

Израильдің 65 сағаттық агрессиясынан кейін қаза тапқандар мен жараланғандар саны 1481-ге жетті, оның 1 277-сі елдегі университет клиникаларына жатқызылды, 224 адам қайтыс болды.

АҚШ пен Иран арасындағы Маскатта өтуі тиіс келіссөздер өтпейтіні хабарланды. Иран Президенті Эммануэль Макронмен сөйлесу кезінде Израиль шабуылдары тоқтамайынша АҚШ-пен ешқандай келіссөз болмайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр