Иран өкілі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі маңызды екенін айтты

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысы өтті. Аталған жиында Иран Ислам Республикасының өкілі Рашидбейги баяндама жасап, өз ойын ортаға салды.

 Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, жаһандану үдерісі қазіргі адамзатқа басқа діни дәстүрлер туралы білімді арттыруға жол ашып қана қоймай, сол діни дәстүрлерді ұстанушылармен текетірес пен қарым-қатынасты үйреншікті жағдайға айналдырды. Сондықтан да ол діндер диалогының қазіргі заманның міндетті қажеттіліктерінің біріне айналуы таңқалдырарлық жағдай емес деп пікаір білдірді.

«Қазіргі әлемде конфессияаралық диалогты нығайту және дамыту діни және саяси көшбасшылардың басты миссиясы болып табылады. Қазіргі заманғы әлемге тек діни жетекшілердің ғана емес, мемлекет басшыларының да пікір-назарлары мен іс-әрекеттері қажет.

Бұрын діни диалогтар халықтық деңгейде ғана пайдалы деп есептеліп келді және үкіметтің демеушілігімен өткізілетін диалогтарға оң көзқарас болған жоқ, алайда қазір диалогтарды нәтижеге жеткізу және қоғам деңгейінде нәтижелерді жүзеге асырылуын жылдамдату діни және саяси жетекшілердің арасындағы жүйелі әріптестіктерді қажет ететіні белгілі болды.

Діни диалог сессияларында қабылданған шешімдерді қолдау мен жүзеге асыру және діни азшылықты қолдау үкіметтердің көмегімен мүмкін болмақ», – деді ол.

Спикер Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін ұйымдастыруда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі жоғары екенін айтты.  Өйткені ол түрлі дін өкілдерін жинап,  діни жетекшілердің басын қосуы діни көсбасшылардың  бірігіп, бір-бірінің қызметімен танысуына және тәжірибе алмасуына себеп болған көрінеді.

«Сонымен қатар, ол кісінің дін аралық диалог саласында Халықаралық Астана сыйлығын тағайындауы ынталандыру мақсатындағы маңызды қадам әрі бұл мәселенің Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Этникалық, діни және тілдік әртүрлілікке ие біздің халық пен үкімет әрқашан сөзсіз қажеттілік ретінде диалог принципін ұстанып келеді. Сол себепті, Ирандағы Діниаралық және мәдениетаралық диалог орталығы осы бағытта отыз жылдан астам қызмет етіп келеді және халықаралық әрі ауқымды байланыстарға ие бұл ұйым қай жерде диалог қағидасына бетбұрыс болса сол жерді өзінің әріптесі санайды. Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызды еңбегін диалог қағидасына бетбұрыстың бірден-бір үлгісі деп білеміз және  Қазақстан Республикасының бейбіт қақтығыссыз болашақ жасау үшін діндер мен өркениеттер арасындағы бейбітшілік диалогын қолдауы және таратудағы қажырлы еңбегін жоғары бағалап, өз қолдауымыз бен әріптестікке әзірлігімізді мәлімдейміз, – деді ол.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады