Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық байланыс орнатпақ

Араға жеті жыл салып, Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынасты жандандыруға келісті.

Алматы, NEGE. Алдағы екі ай ішінде екі мемлекет елшілер жіберіп, қайтадан өзара байланысты бекітпек. Бұл уағдаластық Қытайдың ресми өкілдерінің арағайындығымен жүзеге асып отыр. 2016 жылы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа сызат түскен еді. Оған Ирандағы Сауд елшілігіне жасалған шабуылдар себеп болды. Шабуылдар танымал шииттік уағызшы мен шииттік ағымның қырықтан астам өкілі Сауд Арабиясында өлтірілген күннің ертесінде ұйымдастырылды. Өлім жазасына кесілгендердің бәріне  сол кезде террорға қатысы бар деген айып тағылды. 

Қазір оқып жатыр

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады