Иран: Бұл – кек алудың басы ғана!

Ислам төңкерісінің Сақшылары Корпусы (ИРСК) қолбасшысының орынбасары, Контр-адмирал Әли Фадави Ирактағы америкалық базаларды зымыранмен атқылауды ИРСК күштерінің кек алу шарасының бір бөлігі ғана екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Бұл қадам (АҚШ-қа қарсы зымыран шабуылы) біздің мүмкіндіктерімізді байқатудың белгісі болды», – деді Фадави Исфахан провинциясында сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, әлемде ешбір мемлекет Америкаға бас көтере алмай отырғанда, Иран жауына қарсы тұра алатынын және лайықты түрде жауап бере алатынын байқатқан. Әли Фадави АҚШ ирандықтарға жауап бере алмай тұқырғанын атап өтті. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Иранның қарулы күштері Бас штабы қауіпсіздік бөлімінің бастығы Абдолла Араги америкалық базаларды зымыранмен атқылаумен іс бітпейтінін, Ислам төңкерісі сақшылары корпусы «бұдан да аяусыз кек қайтаратынын» мәлімдеген. 

«Іс жүзінде ИРСК – Иран басшылығының ең қуатты қарулы күштерінің бірі және ол жақын уақытта жаудан одан да бетер аяусыз кек алады», – деді Араги.

Tasnim агенттігіне ақпар берген дереккөздер Таяу Шығыста америкалықтар мен одақтастарының 104 нысаны нысанаға ілінгенін, америкалықтар жаңсақ басқан сәтте оларға соққы берілетінін хабарлаған. Сонымен бірге дереккөз зымыран шабуылының нәтижесінде бірқатар америкалық тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың, әскери техниканың істен шыққанын айтады. 

Сонымен бірге Айн-Асад әуе базасына ұшырылған 15 зымыранның ешбірін АҚШ әскерінің радиолокациялық қорғаныс жүйесі ұстай алмағанын, ал зымырандардың орасан зор шығын әкелгені туралы хабарланды.  

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен