Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді
АҚШ тарапынан Парсы шығанағына басқыншылық жасалған жағдайда, Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы ықтимал.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Иранның жоғарғы көсемінің әскери кеңесшісі, Ислам революциясы сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы Мохсен Резаи мәлімдеді, деп хабарлайды Tasnim.
«Бұл үрдіс жалғаса берсе, Иранның стратегиялық әрі ескерту ретіндегі шараларының бірі – Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу. Бұл қарсы тарап үшін ауыр салдарға әкеледі», – деді ол.
Оның ескертуінше, Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазына кез келген қол сұғушылыққа және Парсы шығанағына дұшпандықпен басып кіруге қатаң жауап береді.
Ал Нью-Йоркте өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу жасауға арналған 11-конференция қатарынан үшінші рет қорытынды құжат қабылданбастан аяқталды.