Иран соты танымал рэперді өлім жазасына кесті

Иран соты танымал ирандық рэпер Тумадж Салехиді 2022 жылғы наразылық акциясын көпшілік алдында қолдағаны үшін өлім жазасына кесілгенін растады, деп хабарлады ABCNews.

OfficialToomaj / Twitter

Алматы, NEGE. Лорестан тумасы Салехи хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстаған Жина Амини өлтірілгеннен кейін елде болған «Әйелдер, өмір, бостандық» көтерілісі кезінде қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, Амини инсульт алған. Ал туыстары полицейлердің оны ұрып өлтіргеніне сенімді.

Салехидің сот үкіміне шағымдану үшін Жоғарғы сотқа жүгінуге 20 күн уақыты бар. Үкім өзгеріссіз қалдырылса, рақымшылық жасау жөніндегі сот комиссиясы оның жазасын ықтимал жеңілдету үшін ісін қарайды.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті