Иран президентінің денесін оқиға орнынын алып шығып жатқан сәттің видеосы тарады

Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының жасағы президент Ибрахим Раисидің денесін алып шықты. 

IRNA

Алматы, NEGE. Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд Иран президенті Ибрахим Раисидің және тікұшақ апатында қаза тапқандардың мәйіттері төтенше жағдай болған жерден эвакуацияланғанын хабарлады.

Қаза тапқандардың денесі Тебризге жеткізіледі. 

«Қаза тапқандарды іздеу аяқталды... Барлық мәйіт апат орнынан Тебриз қаласына жөнелтілді», - деп атап өтті Пир Хоссейн Коливанд.

Құлаған тікұшақта Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Тебриз мешітінің имамы және тағы үш адам болған. Апат салдарынан аман қалғандар жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады