Иран Катардағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасады
Иран 23 маусымда Катардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әскери базасына зымыранмен шабуыл жасады.
Алматы, NEGE. Сондай-ақ қала үстінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмыс істегені естілген.
Катар сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зымырандардың барлығы әуеде атып түсірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін АҚШ барлауы Иран тарапынан соққылар болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Аталған шабуылдарға байланысты Бахрейн, Ирак, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жабатынын жариялады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі елдің Иран соққыларына жауап беру ісінде Катарға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. БАӘ-де Иранның АҚШ базасына жасаған шабуылынан кейін Тегеранның әрекетін айыптады.
Иран Катардағы АҚШ базасына жасаған зымыран соққысының саны — бұған дейін АҚШ-тың Иранға тастаған бомбалардың санына тең келеді, деп хабарлайды Иранның Mehr агенттігі Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап.