Иран Израильге тағы да зымырандармен шабуыл жасады

24 маусым таңертең Иран Израильге тағы да зымырандар атты, деп хабарлайды Азаттық.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бір зымыран Беэр-Шева қаласындағы жеті қабатты ғимаратқа түскен. Қаза тапқандар бар, оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тель-Авив, Иерусалим, Хайфа және басқа да қалаларда дабыл белгісінің дауысы естілген. The Times of Israel басылымы сейсенбінің таңында Иран Израильге барлығы сегіз зымыран атқан деп жазды.

Израильдің Ұлттық медицина қызметінің (Magen David Adom) мәліметінше, шабуыл салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, жеті адам жараланған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль бітімге келгені жайлы хабарлаған еді. Трамп келісім екі тарап бұрын басталған әскери операцияларын аяқтағаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде күшіне енеді деп жазған.

Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қазіргі таңда атысты тоқтату немесе әскери іс-қимылдарды доғару жөнінде ешқандай келісім жоқ деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол Иран армиясы әскери операцияларын жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:00-де тоқтатқанын хабарлады.

Израильдің қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілі 24 маусым күні таңертең атысты тоқтату туралы ақпаратқа байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?