Иран Израильді зымыранмен бомбалады

Иран Израильге 400-ге жуық зымыран ұшырып, шабуылдады.

Ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Иранның Израильге зымырандық шабуыл жасайтыны хабарланған еді.

Ислам революциясы сақшылар корпусы ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания, Хезболла жетекшісі Хасан Насролла және ИРСК қолбасшысы Аббас Нилфрушанның өлтірілуіне жауап ретінде басып алынған жерлерге соққы жасағанын хабарлады.