Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 

Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жолдады.

"Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан осы ауыр заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарастырып, бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл отырыс өткізуін сұрайды", делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін, 2024 жылдың 26 қазанына қараған түні Израиль Иран әскери нысандарына әуеден соққы берген еді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр