Иракта жарылыс болды

Жексенбіге қараған түні Ирактың солтүстігіндегі Эрбил қаласында жарылыс болды. АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлаған. Ирактың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйеніп, «Шафак ньюз» жаңалықтар порталы осындай ақпар таратты.

Алматы, NEGE. «Зымырандар АҚШ консулдығы мен «Күрдістан 24» телестанциясы маңына, Эрбилдегі Салах-эд-Дин деген жерге құлады. Жарылыс нәтижесінде «Күрдістан 24» телеарнасының ғимаратына материалдық залал келтірілді», – делінген хабарламада.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр