Иракта университет ғимараты өртеніп, 14 адам қаза тапты

Ирак Күрдістаны жартылай автономды өңіріндегі Эрбиль провинциясына қарасты Соран қаласында ғимараттан өрт шықты.

Алматы, NEGE. Салдарынан 14 адам қаза тпты, 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Соран қаласының Денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесінде өрттің университет студенттері мен мұғалімдері тұрып жатқан үшінші және төртінші қабаттан шыққаны, одан әрі бесқабатты ғимаратты түгел алып кеткені айтылған.

Алдын ала тергеу жұмыстары өрттің қысқа тұйықталу салдарынан шыққанын көрсеткен. Өрт азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің көмегімен сөндірілген.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды