Ипотека төлей алмағандар 2021 жылдың 15 маусымына дейін арыз бере алады
«Астана Банкі» мен «БТА Банктің» балансына өткен баспаналар борышкерлерге жалға беріледі. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтар 2021 жылдың маусымына дейін өтініш өткізіп үлгеруі керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде өткен кездесуде Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев осындай мәлімет айтты