iPhone шығаратын зауыттан өрт шықты

Қытайда Foxconn Technology Group-қа тиесілі iPhone шығаратын зауытта алапат өрт болды.

Алматы, NEGE. Портал мәліметінше, куәгерлер ғимараттағы ондаған метрге көтерілген жалынды ғана емес, жарылыстарды да естіген. Зауыт Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Шэнчжэн қаласында орналасқан.

Foxconn өрттің тез жойылғанын хабарлады, қазір оның себебі анықталып жатыр. Компания өкілдері төтенше жағдай салдарынан адамдар мен өндіріс зардап шекпегенін айтты.

Shenzhen Guanlan Foxconn – Apple-дың бүкіл әлемдегі сатыпалушылар үшін iPhone-ның алғашқы модельдерінен бастап Phone 12-ге дейін шығаратын маңызды өндірістік базасы. Зауытта 100 мыңнан аса адам еңбек етеді.

Алдыңғы жылдары iPhone және IPad шығаратын зауыттарда ауадағы жанғыш шаңның салдарынан өрт болған. Ол кезде адамдар қайтыс болған. 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды