iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды

Apple 7 қыркүйекте жаңа құрылғыларды таныстыру шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

Алматы, NEGE. iPhone 14 смартфондары мен басқа да жаңа өнімдерді ұсынатын Apple компаниясының іс-шарасы туралы бірінші болып Bloomberg хабарлаған болатын. Басылым аноним дереккөздерге сілтеме жасады.

Пандемия кезіндегідей, компания іс-шараны онлайн трансляцияда көрсететіні айтылды.

Іс-шарада iPhone 14, iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондары, Apple Watch-тің үш жаңа моделі және жаңа iPad таныстырылады деп күтіледі.

iPhone 14 қыркүйектің ортасында сатылымға шығады деген болжам бар. Кейбір Apple Store қызметкерлеріне 16 қыркүйекке дайындалуға кеңес берілген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті