Йогамен айналысып жүрмін: Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу абақтысындағы жағдайын айтты

Астанада экс-министрге қатысты сот отырысы басталған болатын.

Алматы, NEGE. Сот залына жеткізілген экс-министр журналистерге денсаулығының жақсы екенін айтты.

"Күнде йогамен айналысамыз. Бәрі жақсы, - деді ол.

Сонымен қатар ол тергеу абақтысында ешкім қысым көрсетіп жатпағанын жеткізді.