11 августа 2023 г. 17:50
«Интимді фотоларыңды таратамын»: Семейлік тұрғынды танысы бопсалаған
Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады.
Алматы, NEGE.Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.
Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді.
Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша қаралады.