Интим қызмет көрсеткен мекен анықталды

Ақтөбеде массаж салоны түріндегі интим қызмет көрсететін притон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері «Стоп Трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салоны түрінде жұмыс істейтін интимдік қызмет көрсетуге арналған притонды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде Атырау облысының тұрғындары болып табылатын интимдік қызмет көрсеткен үш қыз болған.

Полиция департаменті осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты