Интернетте өзін бойжеткен ретінде таныстырған ер адам ақша бопсалаумен айналысқан
Ол әлеуметтік желілерде жалған парақшалар арқылы өзін бойжеткен ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді желіге жариялаймын деген желеумен қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлады Полиция.
Алматы, NEGE. Бопсалаушы 21 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты. Департаменттің ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен Түркістан облысында ұсталған күдікті Қызылорда облысына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның осы басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194 - бабының 1 -бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Ол УҰИ-ға қамалды.