22 июля 2022 г. 16:07

Интернет енді электр бағандары арқылы тартылады

Фото:

Интернет желілерін электр бағандары арқылы тартуға заң бойынша рұқсат берілді. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, бұл шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетке қосуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Бұған дейін желі оптикалық талшықты жер астына көму тәсілімен жеткізілетін. Мұның шығыны көп. Сондықтан оны тартуға тек ірі компаниялар ғана қатысқан.

«Ал жаңа заң шағын байланыс операторларының нарықтағы мүмкіндігін арттырып, бәскелестік күшейеді», – дейді мамандар. Сондай-ақ енді бұдан былай барлық мемлекеттік органдар қызмет көрсету жүйесін цифрлық форматқа ауыстыруға міндеттеледі.
 

Тегтер: