Интернет алаяқтары ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен төрт тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. «Арнайы іс-шаралар кезінде облыстық Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері төрт павлодарлықты (1995, 1987, 1976 және 1984 ж.т.) ұстады. Олардың екеуі топта жұмыс істеді.

1995 және 1987 жылы туылған екі павлодарлық тұрғын келесі схема бойынша жұмыс істегені анықталды: олар Интернетте (KOLESA және OLX веб-сайтында) автомобиль бөлшектерін арзан бағамен сату туралы жарнамалар орналастырды. Тапсырыстарды қабылдай отырып, олар банкт картасындағы тауардың толық немесе ішінара төлеуін сұрады және курьер арқылы тапсырыс жіберуге уәде берді»,– деді Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Лоскутов.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды