Intel компаниясы Ресейдегі жұмысын тоқтатты

Процессор өндірумен шұғылданатын ірі америкалық Intel компаниясы Ресейде өз жұмысын тоқтатты.

Алматы, NEGE.  Кәсіпорын наурыз айында өз өнімдерін Ресейге жеткізбейтінін мәлімдеген еді. Компания енді Ресей аумағында өз жұмысын толық тоқтатты.

"Біз Ресейдегі барлық іскерлік операцияларды жедел тоқтатамыз. Бұл бұған дейінгі Ресейге және Беларуське өнімдерімізді жеткізбеу туралы шешімнен кейін қабылданды", - делінген компания хабарламасында.

Intel компаниясы – 1968 жылы құрылған. Кәсіпорын микропроцессор сынды компьютерге арналған бөлшектер және электронды құрылғылар өндірумен шұғылданады.