Instagram-да жаңа функция пайда болды
Енді барлығы Instagram-da Stories-ke гиперсілтеме қоя алады.
Алматы, NEGE. Бұрын сайтқа сілтемелерді тек оқырмандары көп (10 мыңнан астам) және тексерілген парақшалары бар қолданушылар қоса алған.
"Басқа қолданушылардың да маңызды нәрселерді достарымен, отбасымен бөліскісі келетінін естідік. Оқырмандар санына қарамастан, не істесеңіз де, тамақ дайындаудан бастап ерікті болғаныңызға дейін немесе бірнәрсе сатып алғаныңызды да, енді Stories-те бөлісе аласыз", - делінген хабарламада.