Instagram-да лотерея ойнатуға тыйым салынады

Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

 Instagram-да лотерея өткізуге заңды түрде тыйым салынатынын мәлімдеді. 

Алматы, NEGE.  «Бүгінде лотерея операторымен келісімшарт бойынша агенттіктің қызметін жүзеге асыратын үш мыңнан астам субъект қызмет етеді. Заңнамада «лотерея таратушысы» агенті ұғымының жоқтығынан жеке кәсіпкерліктер лотерея операторының қызметіне кедергі келтіріп отыр. Мұнымен қоса, заң жобасында лотереяны заңсыз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді», - деді А. Райымқұлова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Лотереялық қызмет атын жамылып, алаяқтық қызметті жүзеге асырудан, сондай-ақ жарнамада жалған лотереялық қызмет туралы ақпарат таратудан Қазақстан азаматтары қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай лотерея операторынан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салу қарастырылды.

«Мұны заңмен лотерея деп атауға болмайды, яғни лотерея деп аталатын, бірақ іс жүзінде лотереяға жатпайтын шараның жарнамасы үшін жауапқа тарту, жазалау көзделген. Ұтыс ойындарын лотерея деп атауға болмайды. Бұл мүлдем басқа түсінік», - деді министр.

Заң жобасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне құзырет беру арқылы лотереялық қызметті тиімді әрі жедел мемлекеттік реттеу тетігі енгізіліп отыр. Яғни лотерея өткізудің ережелерін бекіту, лотерея өткізудің тәсілдеріне қойылатын талаптарды бекіту ескерілген. Бұл шаралар бір жағынан лотерея қызметі саласын дамытуды әрі ақпараттық технологиялар қолдануды шектемеуге мүмкіндік береді. 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды