Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық саяхатшының видеосын жариялады

Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық саяхатшы Дастан Мұхамедрахим түсірген видеоны жариялады. Аккаунттың 696 млн жазылушысы бар

видеодан скрин

Астана, NEGE. Қазақстанның ғажайып ландшафттары бейнеленген ролик қазірдің өзінде 36 млн жуық қаралым жинап, 32 мыңнан астам пікір жазылған.

«Қазақстанның даласында асыр салып жүр (frolicking in the fields of Kazakhstan)» – деп жазды ресми аккаунт.

Сонымен қатар ресми Instagram 275 аккаунтқа жазылған. Сол санаулы адамдардың ішінде Дастан Мұхамедрахим де бар. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр