«Ыңырсып мазаны алады...». Ресми сауалымызға Fly Arystan жауап берді

27 қыркүйек күні порталымызда «Науқас баланың анасы: FlyArystan бортсерігі «мазаны алады» деп артына отырғызды» деп аталатын мақала жарияланған. Осы оқиғаға байланысты әуе компаниясы ресми сауалымызға жауап берді.

25 қыркүйек күні атыраулық Гүлжан Хусайынова целебралды сал (ДЦП) дертімен ауыратын қызын Ташкентте емдету үшін «Атырау-Шымкент» бағытындағы Fly Arystan әуе компаниясының ұшағына билетті қосымша ақы төлеп алдыңғы қатардан алады.

«Билетіміз ұшақтың алдыңғы жағындағы орыннан алдым. Өйткені науқас қызыма арнайы күтім керек. Осы орынды сатып алу үшін қосымша ақы төледім. Бірақ ұшақта қызымды артқы орынға отырғызды. Бортсеріктің айтуынша, қызым ыңырсып жолаушылардың мазасын алады екен. Алғаш рет осындай сұмдық жағдайға тап болдық. Біздің құқығымыз тапталды», – дейді Гүлжан Хусайынова.

«Тексеру жүріп жатыр»

Тілшіміз әуе компаниясының баспасөз қызметіне дереу хабарласып, түсініктеме сұраған. Компанияның баспасөз хатшысы Ләззат Қанғожина «ресми сауал жолдаңыз» деді, біз солай еттік.

Фото: әлеуметтік желіден.

Fly Arystan-ның желілік жоспарлау директоры Ренат Абулхановтан төмендегідей жауап келді.

«Жолаушы Гүлжан Хусаинова екі баласымен 25 қыркүйек күні КС7227 рейсі атырау-Шымкент бағытында сапар шекті.

Fly Arystan әуе компаниясы әр жолаушыны бағалайтынын ескеруге асық. Осы себептен жолаушының арнайы көмек сұранысы болғаннан кейін әуе компания тарапынан барынша көмек көрсету шаралары қабылданды: арнайы арба ұсынылып, бортқа приоритетті отырғызу ұйымдастырылды, сондай-ақ амбулифт қызметі де көрсетілген болатын.

Ұшақ бортында отырғызу орындарына келетін болсақ, ұшақта бос қатарларда жайлы ұшып барсын деген ниетпен, ұшақтың еркін бөлігіне отырғызылуының ұсынылғанын хабарлаймыз.

Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты тексеріс өтіп жатқаны жайлы хабарлаймыз. Кешешекте мұндай оқиға орын алмау үшін, компания қызметтерін жақсартуға бар үлесімізді қосамыз. Оқиға жайлы ақпарат ұшып шығу қаласы әуежайының қызмет көрсету компаниясының басшылығына жеткізілгенін хабарлаймыз. Әуекомпания мәселені шешу үшін жолаушымен байланысқанын мәлімдейміз», – дейді Р.Абулханов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады