18 декабря 2023 г. 11:28

Informatics Asia компьютерлік жобалар байқауында 450 оқушы бақ сынайды

Фото:

Астанада Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Informatics Asia халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды.

Алматы, NEGE. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысады, деп хабарлайды Kazinform.

Байқаудың негізгі мақсаты — IT саласында ғылыми зерттеуге қызығатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту, ІT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобалар әзірлеу және әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Жарыс ағылшын тілінде өтеді.
Алты бағыт бар:

— робототехника

— FLL Challenge және Arduino Hackathon

— компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер

— қолданбалы ғылыми жобалар

— қысқаметражды фильмдер

— қолданбалы математика жобалары.

Айта кету керек, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келеді.

Осы уақыт ішінде шараға 20 мемлекеттен 5000-ға жуық оқушы қатысты.

Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО грантына ие болып, қазіргі таңда мемлекетіміздің әр саласында видеограф, дизайнер, программист сияқты жұмыстар атқарып келеді.

Байқау 18 желтоқсан күні қорытындыланады.

Байқау ұйымдастырушылары — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры. 

Тегтер: